Даудың басы-Дәулеттің «көк папкасы»: сынға қалған депутат пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын туған күнімен құттықтап, оған Парламенттің ресми хатыны ұқсайтын грамота тапсырған видеосы жарияланғаннан кейін даудың ортасында қалды. Бүгін мәжілісмен бұл әрекетін этика бұзушылық деп санайтыны-санамайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін әлеуметтік желілерде депутаттың жұбайына парламенттік ресми құжатқа ұқсайтын құттықтауды табыстап жатқан видеосы тараған болатын. Кейбір желі қолданушылары Мұқаевты «Парламент атрибутикасын жеке мақсатына пайдаланды» деп айыптап, сынға алды.
Видеода депутат: «1 шілдеден бастап Парламент тарап кетеді, сондықтан ресми түрде құттықтауды жөн көрдім», - деп әзілдейді.
Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан бұл ісін этикаға жатпайды деп есептемей ме деп сұрады.
Соңғы екі-үш күнде «Дәулеттің көк папкасы» қызу талқыға түсті. Біріншіден, бұл ешқандай ресми құттықтау емес еді. Әлеуметтік желілерден «Парламент атынан» деген тұжырымдарды көрдім, бірақ бұл менің жеке құттықтауым болатын, - деп түсіндірді ол.
Мұқаевтың айтуынша, видеодағы папка оның жұмыс құжаттарына арналған жеке папкасы болған.
Парламенттің ресми бланкісін рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынған, ал бұл жағдайда әңгіме тек папка туралы болып отыр.Құттықтау пленарлық отырыста немесе мемлекеттік мекемеде емес, жұмыстан тыс уақытта, достардың ортасында өткен жеке іс-шарада жасалған.Құжатта әріптестерінің қолтаңбасы немесе ресми құттықтауы болған жоқ. Осы ғимараттағы әрбір әріптесімізде ақ және көк папкалар бар. Көк папка өз құжаттарымды сақтау үшін қолымда жүрген болатын. Дизайнын өзім жасап, мәтінін жаздым, басып шығару үшін 5 мың теңге төледім де, жұбайымды құттықтадым болды,- деді депутат.