Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы
Байрақты бәсеке Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатыр. 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшымыз ширек финалда Коста-Рика өкілімен, жартылай финалда словакиялықпен, ал финалда португалиялықпен кездесті.
Үш белдесудің барлығында отандасымыз қарсыластарын мерзімінен бұрын иппон әдісімен жеңді.