Ақтауда полиция көлігі баланы қағып кетті
Ақтауда полиция көлігі бір жарым жастағы баланы қағып кетті. Оқыс оқиға 27-шағын аудандағы көпқабатты үйдің ауласында болды.
Бүлдіршін жедел жәрдем келгенше, сол жерде көз жұмды. Патрульдік полиция көлігінің жүргізушісі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылығы баланың жақындарына көңіл айтып, қайғылы деректің мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады.