Қазақстанда 909 адам киберқылмысқа қатысы бар деп танылды

Фото: depositphotos.com

2026 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында елімізде «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталып, 585 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайы «24KZ». 

Ведомства басшысының  айтуынша, алаяқтық жолмен ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған.

Қазақстанда киберқылмыс жасауға қатысы бар ұзын-саны 909 адам анықталған. Соның ішінде 12 шетел азаматы бар.
Олардың 88-і қамауға алынса, 600 астам адамға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

«Заңсыз айналымнан киберқылмыс жасау кезінде пайдаланылған 17 мыңнан астам түрлі зат тәркіленді. Киберқылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды», – деді спикер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған баспасөз конференциясында.