Жетісу облысында 20 тонна қоқыс шығарылды

Жетісу облысының Қаратал ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті.

Оған 200-ден аса адам қатысып, Қызылжар ауылының маңынан 20 тонна қоқыс шығарылды. Партия филиалының өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметшілері егістік алқаптардың айналасы мен тоған жағалауын ретке келтірді. Жыл басынан бері өңірде табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 35 сенбілік өтті. 57 мың көшет егіліп, елді мекендерден жиналған 5 мың тонна қоқыс полигонға төгілді.

Гүлжан Орманова, Қаратал ауданының тұрғыны:

- Мен осы Үштөбе қаласының Қаратал ауданының тумасымын. Демалыс сайын өтетін сенбіліктерге қатысып тұрамын. Балаларымыз үшін ұрпақтарымыз үшін тазалық – денсаулық кепілі ғой. Сол таза ұстағымыз келеді.