Жетісу облысында зиянкестерге қарсы 133 мың гектар жер дәріленеді
Шегірткеге қарсы күрес шаралары Жетісу өңірінде де белсенді түрде жүргізліп жатыр. 133 мың гектардан астам жер дәріленеді.
Фитосанитарлар негізінен үйірлі шегірткелерді залалсыздандыру ісіне басымдық беріп отыр. Себебі жәндік қанаттанып кетсе көгергенді көктей солдырып, орасан зор шығын келтіруі мүмкін. Қауіпті аймақ ретінде Кербұлақ, Алакөл және Панфилов аудандары танылған. Ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтау мақсатындағы жұмыстарға 6 ұшақ және 24 көлік тартылды.
Жарас Оңдасынұлы, Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары:
- Техникалардың бәрі бар. Дәрі-дәрмек толық қамтылған. 230 адамға дейін анықтау жұмыстарына тартылған. Осы жұмыстарды атқару үшін республикалық бюджеттен 310 млн, ал жергілікті бюджеттен 171 млн бөлінді.