Астана LRT: үзілмеген үміт ақталды

Сонымен астаналықтар мен қала қонақтары көп күткен ЛРТ жолға шығып, тұрғындар да қаланы аралап шықты. 

Қала көшесінде бүгін тек пойыз ғана емес, халықтың көп күткен қуанышы жүйткіп өткендей. Бұл елордалықтар үшін жылдар бойы үзілмеген үміттің ақталған сәті. 20 жылға жуық сағымдай бұлдырап, сан мәрте сарсаңға салған ЛРТ бүгін ақиқатқа айналып отыр.  Сенбідегі тарихи сәтте Астаналықтардың жүзіндегі шаттық пен жүрегіндегі толқыныс ерекше сезілді.

Ермек Сыдықов, "Бәйтерек" бекетінің басшысы:

- Бәйтерек станциясы. Бұл толық автоматтандырылған. Жанымыздағы станциямен тікелей қосылған. Пойыздың жиілігі 5-6 минут шамасында. Бір құрамда 4 вагон. 

ЛРТ желісі әуежайдан Нұрлы жол вокзалына дейінгі аралықты жүріп өтеді. Бағыт бойында 18 станция бар. Олар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандар арқылы өтеді. Ал жол-ақы 200 теңге деп белгіленді. Банк карталары арқылы немесе арнайы көлік картасымен төлеуге болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері де ескеріліпті. Станцияларда эскалаторлармен қатар, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған лифтілер қарастырылған.

Айгүл Омарова, Алматы қаласының тұрғыны: 

Камиль Байрамов, қала тұрғыны:

- ЛРТ көруге келдім. Күшті, бәрі күшті. 

LRT елдегі ең көп талқыланған жобаның сәтті аяқталуы. Барлық негізгі құрылысы мен техникалық жұмыстар жасалды. Басты ерекшелігі сол - жүйе толық автоматтандырылған. Бұл дегеніміз пойыздар машиниссіз қозғалады деген сөз. Жүйе жеңіл рельсті көліктің жылдамдығын, тоқтауын, есіктің ашылып-жабылуына дейін өзі реттейді. Көлікте жолаушыларды тек заманауи технология емес, үш тілде еркін сөйлейтін қызметкерлер қарсы алып, бағыт-бағдар сілтейді. 

Салтанат Қалқанбаева, Жезқазған қаласының тұрғыны

Кәмшат Мұхамеджан, тілші:

- ЛРТ енді Астананың жаңа келбеті, жаңа визит карточкасына айналғандай. Елордаға табан тіреген әрбір қонақтың көзі алдымен көкке қалықтаған осы пойызға түсіп, таңданысын жасыра алмасы анық. Көрген көп біразға дейін бас қаланың басты символы деп айтып жүретіндей.