Мемлекеттік сатып алудың жаңа платформасы іске қосылды
Кейбір құрылыс компаниясы бір көзден сатып алу тетігі арқылы қажетті электр жабдықтарын шеттен алдырады.
Салдарынан қазақстандық электр жабдықтарын өндірушілер тапсырыстан қағылатын көрінеді. Бүгін Үкімет сағатында Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамбедиев отандық кәсіпорындардың мұңын жеткізді. 2029 жылға дейінгі Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы құрылыс материалдарына сұранысты айтарлықтай арттырған. Осы ретте депутат “отандық кәсіпорындар өнімдеріне қайтсе басымдық беріледі?” деген сауалын жолдады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бұл сұраққа жауап бере отырып, биыл энергетика және коммуналдық саладағы мемлекеттік сатып алулар платформасы іске қосылғанын жеткізді. Онда отандық тауар өндірушілер тізімінде бар кәсіпорындар ғана тіркелген. Талап бұзылса, қатаң санкция салынады, деді министр.
Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Мысалы, осы платформада 3 мың екі шешім қабылдадық. Жұмыс министрліктің қатаң бақылауында болады.