Президент Жарлығы кітапхана саласын дамытуға серпін береді

Құжат кітап оқу мәдениетін ілгерілетіп, зерделі ұлт қалыптастыру жолында нақты нәтижелі істерге бастамашы болады. 

Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Президент қол қойған жарлық туралы осындай пікір білдірді. 

Ғазиза Құдайбергенқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:

- Бүгін біздің саланың кітапхана саласының және кітап ісінің шамы жанды, жарқырай түсті десе де болады. Бұған дейін де Мемлекет басшысы келелі жиындарда айтып жүрді. Бірақ бүгінгі жарлық нақты нәтижелі істерге бастайтын төлқұжат дегім келеді. Аса бір қуантқан дүние «Кітап және кітапхана жүйесі туралы» заң шығуы туралы Жарлықтағы, одан кейін ұлттық цифрлық бірыңғай жүйе қалыптастыру. Біз осы жобамен бірнеше жыл жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандағы кітапханалардың электронды базасын жасау. Одан кейін әдебиетті насихаттау, шетелде біздің әдебиетті насихаттау жалпы осы салаға үлкен бір серпін береді деген сенімдемін.