Алматы облысында турист құтқарылды
Алматы тауларында 2600 метр биіктікте турист құтқарылды. 112 пультіне 1963 жылы туған ер адамның жағдайы күрт нашарлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер жедел жетті. Олар туристі қауіпсіз түрде төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.