Көкшетауда ақауы бар паромнан 25 адам құтқарылды

Көкшетауда бұзылған паромнан 25 адам құтқарылды. Олардың арасында 10 бала бар.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қопа көлін патрульдеу кезінде жағадан 700 метр қашықта тұрған су көлігін байқаған. Құтқарушылар кемедегі адамдарды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.