Н. Нәлібаев «Алматы-1» вокзалын жаңарту барысын тексерді
Нұрлыбек Нәлібаев сондай-ақ «Алматы-1» вокзалын жаңғырту барысын тексерді.
Нысан бойынша сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама порталына жүктеу аяқталған. Алайда ұйғарым алу 11 тамызға қалған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары "Қазақстан темір жолы" жұмысындағы кемшіліктер жолаушыларға қолайсыздық туғызғанын айтты. Ол жұмысты жеделдетуді тапсырды. Қазір елде бір мезетте 121 вокзал жаңғыртылып жатыр. Бұдан кейін Нұрлыбек Нәлібаев Үлкен Алматы айналма автожолына қатысты мәселелерге де назар аударды. Мұнда қажетті жер телімдерін сатып алу және босатуға қатысты түйткілдер туындаған. Алматы қаласы мен облысы арасындағы учаскелерде жұмысты бәсеңдетпеу үшін облысқа қарасты аумақта жер телімдерін сатып алу, жолдың жобалау құжаттарын әзірлеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қала бюджетінен қаржы бөлінгені айтылды.