Алматыдағы ЖЭО жаңартылып жатыр

Алматының Алатау ауданындағы екінші жылу электр станциясын табиғи газға көшіру жалғасып жатыр.

Оның аясында жылу қуаты сағатына 952 Гкал-ға дейін, ал электр қуаты 600 МВт-қа дейін жететін заманауи газ станциясы іске қосылмақ. Бұл үшін үш газ турбинасы мен генератор орнатылды. Қазірге дейін жабдықтардың 99%-ы жеткізілді. Жоба жыл соңында аяқталады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Іле ауданының аумағында орналасқан үшінші жылу электр орталығын да аралап көрді. Қазір стансада қайта жаңғырту жұмыстары аясында кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады және тозығы жеткен жабдықтар жаңартылады. Қайта жаңғырту 2027 жылға жоспарланған. Нұрлыбек Нәлібаев энергетика нысандарының сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданғанын жеткізді.