Ақтөбеде дрон шығаратын кәсіпорын құрылады

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде дрон шығарылады. Астанада өткен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы аясында екі елдің делегациялары тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».

Turkish Aerospace компаниясы мен «№406 Азаматтық авиация жөндеу зауыты» АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құруды қолға алмақ. Өндіріс орны базасында «ANKA» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіріледі және оларға сервистік қызмет көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Ұшқышсыз кешендерді іздестіру-құтқару жұмыстарына, стратегиялық нысандарды күзетуге, мұнай-газ құбырларына мониторинг жүргізуге және табиғи қорық аймақтарын патрульдеуге пайдалану жоспарлануда.

Сондай-ақ «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы Ақтөбеде сусындар шығаратын төртінші зауытын салады. 
Жоба Қазақстандағы стратегиялық инвестициялық бастамаларды іске асыратын инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компания — Kazakh Invest қолдауымен жүзеге асырылады.

Инвестициялық келісімге Ақтөбе облыстық Индустриялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков пен Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель қол қойды.