Фитосанитарлық қауіпсіздікті күшейту керек 

Агрорлық секторда фитосанитарлық қауіпсіздікті күшейту керек. Ол үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған жөн. 

Сонымен қатар бүрку технологиялары мен мобилді роботтың да тиімділігі зор. Өсімдікті қорғайтын заманауи құралдарды мақсатты қолдану маңызды. Бұл туралы «Аграрлық сектордың инженерлік және цифрлық шешімдері» тақырыбында өткен  семинарда айтылды. Өсімдік ауруларынан қалай қорғануға болады? Ауыл шаруашылығы мен ғылымның байланысын қалай дамытқан жөн? Бұл бағытта қандай тәжірибелік шешімдер әзірлеу керек? Осы мәселелерді ғалымдар бірге талқылады. Жиынға қатысушылардың айтуынша, алдымен салаға техниканың тілін білетін мамандар керек. Ауыл шаруашылығында кәсіби кадрлар бар. Алайда олар соңғы үлгідегі құралдардарды жөндей алмайды. Ал жаңа технологияны тиімді қолданғанда жердің құнарлығын сақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізеді.    

Амандық Төлешов, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы президентінің орынбасары:

- Цифрылқ технологияға байланысты , компьютерлерге байланысты одан кейін генный инженерия дейді. Осының барлығы цифрлық технологиямен ұштасып жатады. Барлық егіс аймақтарын барлығын мониторит етіп, контролировать ету керек қой. Сол үшін үлкен жасанды интеллектпен сүйеніп үлкен программалар жасайды.