LRT әкімшілігі жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынды

LRT әкімшілігі жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. 

Өкінішке қарай, күні кеше пайдалануға берілген LRT желісінде жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бірнеше мәрте бұзғаны анықталды. Онда вагонға мінген адамдардың кейбірі станса платформасында орналасқан шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басқан, вагон есіктерін ішінен өз бетінше ашуға әрекет жасаған. Көлік желісінің баспасөз қызметі мұндай әрекеттер апаттық жағдайларға және қозғалыстың уақытша кідірісіне әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Кез келген осындай әрекеттер пойыздың тоқтап қалуына немесе басқа да қауіпке әкелуі ықтимал. Айта кетейік, LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға қауқарлы. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді. Оны басқару толығымен автоматтандырылған. LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.