Қытайда алғаш рет электрлі жолаушылар ұшағы сынақтан өтті
Қытайда алғаш рет электрлі жолаушылар ұшағы сынақтан өткізілді. Алғашқы тәжірибе Шаньдун провинциясында ұйымдастырылған. Бортта екі ұшқыш пен бір инженер-сынақшы болған, деп хабарлайды 24KZ.
Сынақ шамамен бір сағатқа созылды. Оның 16 минутын әуе кемесі аспанда өткізіп, 60 шақырымнан астам қашықтықты еңсерді. Әзірлеушінің мәліметінше, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеген. Бұған дейін әуе кемесі 19 рет ұшқышсыз сынақтан өткен болатын. Енді компания авиациялық сертификат алуды көздеп отыр. CE-25A деп аталатын 10 тонналық ұшақ 19 жолаушыны тасымалдауға есептелген. Оның ұшу қашықтығы сағатына 400 шақырымға дейін жетеді.