Мәдениет тазалықтан басталады

Мәдениет - тазалықтан басталады. 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Түркістанда ерекше тазалық шарасы өтті.

Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры мен халықаралық қазақ-түрік университеті "Өнер, медиа және дизайн" факультетінің студенттері "Таза Қазақстан" акциясын ұйымдастырды. Бұл жолы өнер ұжымы Түркістанның мәдениеті мен руханятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан актер, режиссер, ұстаз Райымбек Ноғайұлы Сейтметовтің есімі берілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғат жанашырлары көше бойын күл-қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Өсіп кеткен шөптерді шауып, жол бойын ретке келтірді. Бұл бастама бір жағынан жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырса, екіншіден өнер адамына деген ізгілік идеясын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Ерасыл Жұмабек, студент:                   

- Ұстазымыз деп сыйлап келіп, көшесін тазалап, тұрғындарымызға қолайлы болсын, жол қолайлы болсын. Таза болғаны дұрыс қой барлығымызға. Сол үшін «Таза Қазақстан», таза көше, таза Түркістан болуы керек деп ойлаймын. 

Шәкен Амантұров, Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының актері: 

- Барлық ұжым, студенттер, ұстаздар жан беріп, жан алып, бүкіл көшені қоқыстан тазалап, шама-шарқымыз келгенше ретке келтіріп қойдық. Ол біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында еліміз, жеріміз таза болсын. Біздің ұрпағымыз осындай таза қалада өмір сүрсін.