Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау артады
Енді төтенше жағдайларды жоюға және терроризмге қарсы операцияларды іске асыруға тартылатын әскери қызметшілерге үш еселенген мөлшерде ақшалай төлем беріледі.
Сондай-ақ бұған дейін демеушілер есебінен тамақтанған казармалық және карантиндік режимде қызмет ететін әскерилер, енді мемлекет есебінен ыстық тамақпен қамтылады. Мәжіліс әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулерді қолдады. Бұл құжат саладағы әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтіп, әскерилерді ынталандыруды көздейді.
Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Төтенше жағдайларға тартылған кезде, су тасқыны болған кезде тартылды. Сол кезде оларға 3 есе айлық төлем қарастырылмаған, соны біз қарастырдық. Сосын бізде бітімгершілік миссия бар жоталарда, Ливияда. Солардың ақшалары БҰҰ-дан біздің Қаржы министрлігіне түсетін, одан кейін жарты жылда Қорғаныс министрлігіне түсетін, одан кейін сарбаздарға жіберетін. Біз сол аралықтағы артық звеноны алып тастап, тікелей министрлікке түсетін қылып жасадық. Шетелде әскери атташе мен өкілдер бар, солардың әлеуметтік сақтандыру, медицинамен қамту мәселелерін осы заңда қарастырдық.