Темекі импорты азайып, экспорты артты
Елде алькогольге жұмсайтын шығын 14 пайызға, ал арақ-шарап саудасы 3,8 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек елде шылым шегушілер де азайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша былтыр темекі тартатын ересектердің үлесі арғы жылға қарағанда 20,7 пайыздан 17,5 пайызға төмендеген. Бірақ жассөпірімдер арасында аз да болса өсім байқалады. Яғни 1,2 пайыздан 3,6 пайызға көтерілген. Бұған бір есептен темекі импортының азайғаны дәлел. Есесіне экспорт артқан. Биыл алғашқы тоқсанда мың жарым тонна өнім шетелге сатылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 56 пайызға көп. Тауардың жалпы құны 42 млн доллардан асты. Data Hub-тың мәліметі осындай. Негізгі сауда серіктесіміз - Қырғызстан. Экспорттың жартысына жуығы осы елге тиесілі. Одан кейін Өзбекстан мен Моңғолия тұр. Ал импорт көлемі қаңтар-наурыз аралығында шамамен 400 тонна ғана болды. Бұл кейінгі он жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Шылым экспорты 1 500 тонна
2026 ж. Қаңтар-наурыз
Өсім 56%
Негізгі cауда серіктестері - Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия
Шылым импорты 400 тонна