Семейлік тұрғынның пәтерінен 3 КамАЗ қоқыс шығарылды
Семейлік тұрғынның пәтерінен 3 КамАЗ қоқыс шығарылды, деп хабарлайды «24KZ».
Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп, пәтері тұрмыстық қалдықтарға толып кеткен жергілікті тұрғынға көмек көрсетті.
Жүргізілген жұмыстар барысында пәтерден шамамен үш КамАЗ қоқыс шығарылды. Қоқысқа толы тұрғын үй тек пәтер иесі үшін ғана емес, бүкіл үй тұрғындары үшін де үлкен қауіп төндірген. Қоқыстың көптігінен өрт шығу, инфекция таралу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу қаупі болған.