Семейде мас күйде қарсы жолаққа шыққан жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Фото: polisia.kz

Семейде қарсы жолаққа шыққан мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Семей қаласының Вокзал маңындағы алаңында Haval M6 автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік аралшығын сол жағынан айналып өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол ережесінің бұзылғанын бейнебақылау камералары арқылы байқап, ақпаратты жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жеткізді. Патрульдік полицейлер автокөлікті тоқтатып, жүргізушіден масаңдық белгілерін байқады. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сот көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырды. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін сот оны көлік құралдарын басқару құқығынан 6 айға айыру туралы бөлек қаулы шығарды.

Сот отырысынан кейін жас жігіт әкімшілік қамаққа алынғандарға арналған арнаулы қабылдау орнына орналастырылды. Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: