Астанада «ULTTYQ ÓNIM – 2026» көрмесі ашылды

Астанада «ULTTYQ ÓNIM – 2026» атты ірі көрме өз жұмысын бастады. Мұнда 600-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынуда.  

Шараның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысып, Үкімет басшысының үндеуін оқып берді. Былтыр «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерді қолдауға 560 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижесінде 13 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетіліп, 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Айта кету керек, «Ulttyq ónim – 2026» көрмесі ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында мамырдың 24-не дейін жалғасады. Оның аясында B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары өткізіледі.