Kaspi Жұма: сатып алушылар мен кәсіпкерлерді біріктірген төрт күн
Kaspi.kz пен серіктестері қазақстандықтарға төрт күн бойы тиімді зат сатып алу мүмкіндігін сыйлады. Kaspi Жұма бұл жолы да елдегі миллиондаған сатып алушы мен кәсіпкерді біріктірді. Бірі жеңілдікпен қалаған тауарын алып, отбасылық бюджетін үнемдесе, енді бірі тапсырыстарды қабылдап, клиенттердің көбейгеніне қуанды, деп хабарлайды 24KZ.
Саран қаласындағы қазақстандық дөңгелек зауытында қысқы маусымға дайындық жүріп жатыр. Осы Kaspi Жұмада Attar брендінің шегелі шиналарына сұраныс ерекше жоғары. Резеңке қоспасын дайындаудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық жұмыс кәсіпорынның өзінде атқарылады.
Саян Қуанышбеков, «Tengri Tyres» ЖШС учаске бастығы:
– Kaspi Магазині өте үлкен әріптесіміз, біз олармен бірге жұмыс жасауға өте қуанамыз. Сонымен қатар басым бөлігі дөңгелектердің Kaspi дүкені арқылы сатылады.
Қазақстандықтар алдағы суық маусымға дайындалып, үйге қажетті техника мен жиһаз алады, жақындарына сыйлық таңдайды, денсаулығына көңіл бөледі. Мұның бәрі «Kaspi Жұма»-да. Көбірек бонус, жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қалаған тауарыңызды тиімді сатып алуға мүмкіндік береді.
Жібек Мұханбаева, Алматы қаласының тұрғыны:
– Бүгін «Kaspi Жұма»-мен өзіме ұнаған пальтоны алып жатырмын. Пальтоның сапасы да ұнады. Мүмкіндік болған кезде «Kaspi Жұма»-ны қолдануға тырысамын, өзіме ұнайды.
Айдана Мұсағұлова, Askona компаниясының сату менеджері:
– «Kaspi Жұма» кезінде адамдар көбірек келеді. Сатылым көбейеді. Askona компаниясында 20%-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылып жатыр. Оған қоса, дүкендерімізде сатып алушыларға «Жұма» деген промомен қосымша 10% беріліп жатыр. Бізде 80%-ға дейін жеңілдіктеріміз бар деп айта аламыз.
Тапсырыстар клиенттерге жылдам жетуі үшін Kaspi-дің серіктесі Zammler компаниясы осы «Kaspi Жұма» кезінде бірнеше технологиялық шешімді іске қосты. Қабылдау пункттерінде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары пайда болды. Ал сұрыптау орталықтарында автоматтандырылған желілер жұмыс істей бастады.
Данияр Аринов, Алматы қаласындағы «Почтовый» қойма хабының басшысы:
– Телескопиялық конвейер жүк көліктің ішіне тікелей кіріп, тапсырыстарды конвейердің үстіне қойып, бұл тікелей сұрыптау лентасына жеткізеді. Біздің депо 2000-3000 тапсырыс сағатына сұрыптайтын. Қазір осы желіні орындатқаннан кейін сағатына 9 мың тапсырысты сұрыптауды бастадық. Бұл дегеніміз көрсеткіш 3 есе өсті деп айта аламыз.
Ел аумағында жеткізу қызметіне 10 000 астам адам жұмылдырылған. «Kaspi Жұма» кезінде курьерлер саны тағы да артады. Сәлемдемелерді постаматтарға да, клиенттердің есігіне дейін де жеткізеді.
Руфина Тагирова, Алматы қаласының тұрғыны:
– Жеткізу қызметі керемет, жігіттерге рақмет! Лифт болмаса да кір жуғыш машинаны қажетті қабатқа дейін көтеріп әкелді. Көптен бері армандаған кептіргіші бар кір жуғыш машинаны сатып алдым. «Kaspi Жұма» кезінде алған себебім – 24 айға бөліп төлеу өте ыңғайлы.
Тұтынушылар тиімді шарттармен шетелге және Қазақстан ішіне турлар сатып алды. «Kaspi Жұма»-ның арқасында жергілікті демалыс орындары алдағы қысқы маусымда келушілер санының артуына дайындалып жатыр.
Нұрзия Сейфуллина, Grand Hotel Burabay менеджері:
– «Kaspi travel»-мен біз екі жылға жуық жұмыс жасаймыз. Осы аралықта 600-ге жуық қонақ демалып кетті. Бұл – қонақтарға және бізге әсем табиғатты көруге үлкен мүмкіндік. «Kaspi Жұма» сияқты жобалар қазақстандық бизнес пен ішкі туризмді дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі деп санаймыз.
Бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі ауқымын кеңейтіп келеді. Оған қосылған қазақстандық өндірушілер да көбеюде, Kaspi Жұма оларға өзін танытуға мүмкіндік. Клиенттер үшін бұл – қалауын орындайтын күндер, ал бизнес үшін – ең қызу сауда кезеңі.
Автор: Достық Талғатұлы