51 мыңнан астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылды
Жыл басынан бері түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген жасөспірімдер үшін 51 мыңнан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал кәмелетке толмағандардың тыйым салынған уақытта ойын-сауық орталықтарында жүруіне жол бергені үшін 1300-ден астам мекеме иесі жауапқа тартылды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға жазғы демалыста балаларына бас-көз болуға шақырады.
Ботакөз Жалекешова, ҚР ІІМ ӘПК ювеналдық полиция басқармасының аға инспекторы:
- Жазғы демалыс кезінде бала қауіпсіздігін қамту мақсатында ІІМ күшейтілген түрде жұмыс атқарады. Оқу жылы аяқталу барысында барлық оқу орны маңдарына полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсздік қамту үшін бекітіледі. Бұл жерде тек патрульдік емес, учаскелік полиция, ювеналды полиция инспекторлары міндетті түрде білім ұйымдарының қастарында болады.