Ақмола облысының 100-ден астам ауылында «АСП» алатын бірде-бір адам қалмаған

Фото: depositphotos.com

Бүгінде Ақмола облысында мемлекетке қол жаятындардың қатары жыл санап сиреп келеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, соңғы 7 жылда өңірде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны 5,5 есеге азайған, деп хабарлайды «24KZ».

Айта кетейік, 2019 жылы облыста 9,9 мың отбасы көмекке мұқтаж болса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткі 1,5 мың отбасына дейін азайған. 2026  жылдың  21 мамырындағы жағдай бойынша, көмек сұрап 2353 отбасы жүгінген, бірақ соның ішінде тек 860 отбасына  ғана АӘК тағайындалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда анағұрлым аз.

Қазіргі уақытта көмек алып отырғандардың басым бөлігі – балалар (2698 бала) мен күтіммен айналысатын азаматтар (528 адам). Сондай-ақ тізімде 319 көпбалалы отбасы, студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Ақмола облысының 100-ден астам ауылдық округінде қазіргі таңда АӘК алатын бірде-бір адам қалмаған. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігіне мысал ретінде Карева Василисаның отбасын айтуға болады. Үш кәмелетке толмаған баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана қиын өмірлік жағдайға тап болып, Мансап орталығына жүгінген.

Оған тек адрестік көмек беріліп қана қойған жоқ, мамандармен бірлескен белсенді жұмыстың нәтижесінде Василиса 2025 жылы жоғары жалақысы бар тұрақты жұмысқа орналасты. Қазір бұл отбасы мемлекеттік қолдауға мұқтаж емес, өз күнін өздері көріп отыр.

Ақмола облысындағы бұл оң динамика - құрғақ есеп емес, нақты жұмыстың нәтижесі. Өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарының сиреуі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артқанын, отбасылар табысының өскенін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асып жатқанын көрсетеді. Мемлекет көмегі тек уақытша тірек екенін, ал тұрақты табыс қана бақуатты өмірге жеткізетінін ақмолалықтар іс жүзінде дәлелдеп отыр.