Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кейінгі екі жылда ел бойынша сегіз құтқару стансасы салынды. Келер жылы тағы бесеуін салу жоспарланып отыр.
Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының барынша күшейтілгенін мәлімдеді. Қазір адамдарды құтқару мақсатында жедел ден қою үшін тиісті бөлімшелердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал құтқарушылардың материалдық-техникалық жабдықтары кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Жазғы уақытта демалыс орындары мен су айдындарында балалардың белсенділігі артады. Бұл тұста ведомство тәуекелдердің алдын алу және ескерту жұмыстарын да ерекше бақылауға алған.