Мемлекет пен қоғам арасында ықпалдастық нығаяды

Жаңа Ата заңдағы басты басымдықтардың бірі - мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейту.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева осылай дейді. Енді азаматтарға заң жобаларын талқылауға және өз бастамаларын тікелей ұсынуына  мүмкіндік берілмек. Парламент жұмысы ашық бола түсіп, шешім қабылдау үдерісі қоғам үшін қолжетімді болады.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұдан былай партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын жаңа бір палаталы Құрылтай құрылады. Әрбір азамат өз идеясы мен ұстанымына сай қандай да бір партияның қоғамдық-саяси өміріне қатысып,өз бастамаларын жүзеге асыруына, осылайша саяси өмірдің бір бөлшегіне айналуға кең мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтатын маңызды тетік - Халық кеңесі болмақ. Бұл заң шығару бастамасына ие болатын, тарихта алғаш рет құрылғалы отырған саяси институт. Яғни қарапайым азаматтардың жаңа заңдарды әзірлеуге тікелей қатысуына жол ашылады.