Бурабайда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

Бурабайда XII халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді.

21-27 маусым аралығында оған Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысады. Жарыстың негізгі кезеңі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің "Амандық" полигонында өтеді. Сондай-ақ мұнда жиынға қатысушылар орналастырылып, жарыс алаңдары жабдықталады. Нысандардың дайындығын тексеру мақсатында полигонға Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы барды. Қорғаныс ведомствосының өкілдері іс-шараны өткізуге арналған нысандардың сапасы мен дайындығын бағалап, қажетті инфрақұрылымды салу және жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатқан Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіру мәселелерін талқылады.    

Мейірбек Меңдіғалиев, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы:

- Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі және Ақмола облысы әкімдігі қарқынды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде жататын, тамақтанатын, сайыс өткізетін және мәдени демалыс орындары дайындалуда. Бұл жиын әскери-патриоттық тәрбиеге жаңа серппін береді деген сенімдеміз.