Қазақстан мен Ресей туризм саласында ынтымақтастық артып келеді

Былтыр Қазақстанға Ресейден 3,5 млн-нан астам турист келді.

Қос ел арасындағы туризм және спорт әлеуетін арттыру маңызды бағыт, себебі ол – тікелей табыс көзі. Қазақстан және ресейлік спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына, турнирлерге бірлесіп қатысуы ұлттық құрамалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазақстан мен Ресей арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестік те жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Нәтижелі жұмыстың бір мысалы, халықаралық стандарттарға сай, заманауи талаптарға жауап беретін бірлескен кадр даярлау жобасы. Бұл бағытта Астанадағы Мәскеу институтының филиалы халықаралық қатынастар, экономика, құқық және дипломатия салалары бойынша мамандар даярлауға үлес қосып отыр.