Аграрлық саладағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Ресейдің аграрлық жоғары оқу орындары ынтымағын нығайтып жатыр.

Мәселен, Қазан аграрлық зерттеу университетімен меморандум жасалды. Тараптар халықаралық серіктестікті ілгерлету үшін тұқым алмасты. Дән, агро, технопарктер аумағында егіледі. Сәкен Сейфуллин атындағы салалық университетке Ресейден бөлек Қытайдан да делегация келді.

Ильшат Нуриев, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры:

- Біз осыған көптен бері даярландық. Келіссөздер жүргіздік. Ал бүгін атқарылатын жұмыстарымыздың жол картасын жасақтауға жиналдық. Қазір біздің зерттеп жетілдірген ортақ тұқымдарымыз, яғни Қазанда және Бараевскі өнімдерін егеміз. Бұдан кейін мақала, ғылыми жұмыстар жасалады. Сосын студенттер әрі ғалымдар тәжірибе алмасуы тиіс. 

Сондай-ақ Қытайдың аграрлық ғылым саласымен де 10 жылдан бері серіктестік орнады. Шығыстағы көрші елдің Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен нәтижелі байланыс бар. Тараптар маман даярлап, бірлескен ғылыми әзірлемелерді жүзеге асырып, және ауқымды жобаларды сәтті аяқтады. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Қазақстан-Қытай ғылым және білім беру орталығы» ресми түрде ашылды.