Елде мемлекеттік алимент қоры құрылуы мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік алимент қоры құрылуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтеріп отыр.

Егер бала айлар бойы тиісті төлемді ала алмаса, онда оған қаражатты уақытша қор төлейді. Бүгінде 300 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала заңды алимент төлемін күтіп отыр. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Республика бойынша қарыз көлемі 18 миллиард теңгеге жетіпті. Әділет министрлігінің ақпарынша, былтыр 4824 борышкер әкімшілік, 380-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарызы бар тұлғаларға, заңмен қарастырылған барлық мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылып келеді. Жекелеген борышкерлер қаржылық мүмкіндіктері бола тұра, балаларына көмек беруден жалтарады. Өз мүлкін жасыратындар да жиі кездеседі.