Елордада қайырымдылық концерті өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін елордада қайырымдылық концерті өтті.

Концертке ерекше білімді қажет ететін балалар, аз қамтылған жанұялардың жеткіншектері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Игі бастама бірнеше жыл қатарынан қайырымдылық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып келеді.

Айгүл Сейілова, «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымы» қорының төрайымы:

- Жаңадан ашылған 110 мектепте инклюзиялық сыныптар бар. Соның балалары бүгін қатысады деп ойлап жатырмыз. Олар да өз өнерлерін көрсетеді. Бүгінгі шараның мақсаты - балаларымызға көңіл аудару, шаттық сыйлау.

Алтыншаш Мұқатаева, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі:

- Осындай қайырымдылық шаралары өте жиірек өткізілсе екен деймін. Себебі ерекше балалар өзімнен де ерекше назарды, көңілді қажет етеді. Осындай кішігірім шаралардың өзі адамға өмірді сүріп жатқанына қуаныш сыйлап, балаларына өзін керекті екенін білдіретін бір шара деп ойлаймын.