Алименттен жалтарып жүргендердің табысына бақылау күшейтілді

Елде борышкерлердің табысына бақылау күшейтіледі. Мәжіліс қабырғасында Заңға тиісті түзетулер енгізілді.

Оған сәйкес енді алимент бойынша қарызы бар азаматтардың кірісі цифрлық платформалар арқылы бақыланады. Сот орындаушылар бұдан былай жұмыс іздеуге арналған интернет платформалар мен мобильді қосымшалардан жалақы бойынша мәліметті сұратуға құқылы. Заңгер Рауан Қалиевтің айтуынша, бұл алимент төлеуден жалтарып жүрген талай азаматты түзетуі тиіс.

Рауан Қалиев, заңгер:

- Мысалы, бүгінгі таңда еңбек кз бар. Оны жарайды, мемлекет көре алады. Одан басқа түрлі платформалар бар немесе бүгінгі таңда интернет сауда жасайтын платформалар бар. Ол азаматтар сол жерде сауда жасауы мүмкін. Сол жерде белгілі бір кәсіптің басын бастап отыруы мүмкін. Осындай барлық ақпараттар мемлекеттік органға берілуі тиіс. Бұл дұрыс механизм деп санаймын. Өйткені төлемей жатқан қаражатты азаматтарға төлеуге мәжбүрлейді.