Таразда «AUYL JASTARY» форумы өтті

Таразда «AUYL JASTARY» атты республикалық форум өтті. 

Кеңесте ауыл жастарының әлеуетін ашу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. 

300 астам жасты бір алаңға топтастырған басқосуда мәжілісі депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев сөз алды. «Мемлекет басшысы бастамасымен 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы ең алдымен жастарға бағытталған және олардың мүддесі үшін жүзеге асып жатыр», - деді. 

Дәурен Рахымбек, «Ауыл» партиясы «Ауыл жастары» республикалық жастар қанатының төрағасы:

- Бүгінгі күні ауыл партиясының жастар қанатында 57 мыңнан астам жас бар. Ұйымның 20 өңірде аймақтық филиалдары, сондай-ақ университеттер мен кәсіпорындарда 124 бөлімшесі бүгінгі күні табысты, жүйелі жұмыс жасап жатыр. Ұйымның өңірлік филиалдарда жастарға жауапты бүгінгі күні орталықта жұмыс жасайтын 20 консултанттарымыз да бар. Жалпы айтқан кезде соңғы бір жылдың ішінде жастар қана 1064 мәдени, экологиялық, спорттық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырды.