Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні
Бүгін жаздың алғашқы арайы – балалар күні! Бұл – дүниежүзілік атаулы күн.
Қазақстан үшін ұрпақтың амандығы – үлкен жауапкершілік. Мемлекет олардың денсаулығы, білімі, құқы, жалпы қай жағынан болсын тоқшылықта, бақытты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасайды. Елде жетімдер екі есе азайды. Шала туған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік молайды. Бюджеттің көп бөлігі оқу-ағарту саласына жұмсалады. Әр бала үшін арнаулы жеке қор ашылған.