«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілді

Президент тапсырмасымен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 1,3 триллион теңге қаржы қарастырылған. Құжат аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 158 іс-шараны қамтитын  кешенді жұмыстар атқарылады.