1 маусым: тарихи сәттер мен маңызды оқиғалар

Фото: depositphotos.com

1946 жылы СССР Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі негізінде қазіргі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды, деп хабарлайды «24KZ».

Алғашында бөлімшеде 16 ғылыми-зерттеу институты, 8 сектор, 7 тәжірибе стансасы, 3 ботаника бағы болды. Академияның алғашқы құрамына 14 академик: Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Илларион Галузо, Михаил Горяев, Ахмет Жұбанов, Николай Кассин, Ісмет Кеңесбаев, Николай Павлов, Михаил Русаков, Қаныш Сәтбаев, Нығмет Сауранбаев, Гавриил Тихов кірді. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті болып көрнекті ғалым, қайраткер, академик Қаныш Сәтбаев сайланды.

1997 жылы Францияда ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған Қазақстан күндері өтті.

2012 жылы Қазақстанда алғаш рет Онкологиялық аурулары бар науқас балаларды қолдау орталығы құрылды.

2017 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың қола мүсіні Мәскеудегі Ұлы Отан соғысы орталық мұражайына тапсырылды. Мүсінмен бірге мұражайға М. Б. Греков атындағы студия суретшісі Павел Бойко салған батырдың портреті мен мұрағаттық фотосуреттері берілді.

2017 жылы Астанада «Нұрлы жол» жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады. Алғашқы болып «Қарағанды — Астана» электр пойызы келді. Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалда алты жолдың торабы кіріп отыр. Ол тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. 

2021 жылы елордада Бейбітшілік жәе келісім сарайы аумағында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жаңа аллеясы ашылды. Ұйымға мүше 27 мемлекеттің елшісі жаңа аллеяға қызыл шетен ағаштарын отырғызды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз