20 жыл қашып жүрген қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды

Фото: depositphotos.com

Қарақшылық жасағаны үшін 20 жыл іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше күдіктінің 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасағаны және  жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды.

Күтіктінің басқа да сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ал ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылғы қыркүйекте ол Ресейдің Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз