Көкшетауда жаңа жағалау ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Көкшетауда жаңа жағалау ашылды. Онда тұрғындардың демалысын жақсы өткізу үшін бар жағдай жасалған.
Балаларға арналған ойын алаңдары да көп. Ұзындығы бір жарым шақырым болатын жағалау небәрі жарты жылда салынды. Мереке қарсаңында мұнда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балғындар бірнеше спорт түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Ал жаңа жағалауды көрген қала тұрғындары таңданысын жасыра алмады.
Ерназар Мұхамеджанов, қала тұрғыны:
- Бүгінгі мерекеге отбасыммен келдім. Мереке қарсаңында жаңа жағалау ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Өте әдемі.
Гүлнәр Досанова, қала тұрғыны:
- Жағалаудың ашылған күні бүгін балалар мерекесімен сәйкес келіп жатыр. Жағалауда жақсы мейрам өтіп жатыр. Балаларға концерт қойып жатыр. Балалардың қыдыруына, үлкен адамдардың демалуына өте жақсы жағалау.