Зерттеу: Қазақ отбасылары үшін еңбекқорлық басты құндылыққа айналды

Фото: depositphotos.com

Қазақстандық Қоғамдық Даму институты ата-аналардың балаларға қандай құндылықтарды сіңіріп жатқанын анықтау мақсатында жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, аға буын өкілдерінің 51 пайызы еңбекқорлықты бала тәрбиесіндегі ең маңызды қасиеттердің бірі деп санайды. Сонымен қатар ата-аналар шыншылдық пен үлкендерді құрметтеуді де басты құндылықтардың қатарына қосқан.

Зерттеу ұрпақтар арасындағы көзқарас айырмашылығын да көрсетті. Мәселен, 18–28 жас аралығындағы жастардың 26,8 пайызы еңбекқорлықты маңызды деп есептесе, жасы ұлғайған сайын бұл көрсеткіш арта түседі. Ересек жастағы респонденттердің арасында бұл көрсеткіш 44,9 және 51 пайызға жеткен.

Мамандардың айтуынша, зерттеу нәтижелері отбасының бала тәрбиесіндегі шешуші рөлін тағы бір мәрте дәлелдейді. Себебі дәл осы ортада баланың болашақ өміріне және қоғамның дамуына әсер ететін негізгі құндылықтар қалыптасады.