«Қазмырыштағы» жарылыстың алдын ала себебі айтылды
Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов «Қазмырыш» басшысына өндірістегі қауіпсіздікті күшейту бойынша қатаң ескерту жасады.
«Қазмырыш» жыл сайын өндірістік қауіпсіздікке 27 млрд теңгеден астам инвестиция салады. Бұл соңғы бес жылда өндірістік жарақаттану деңгейін 34%-ға төмендетуге мүмкіндік берді деген компания бас директорының баяндамасына қатысты Үкімет басшысы мамырдағы оқиғаны еске салып, қосымша шара қолдануды талап етті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болды деген болжам бар. Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан кейін адам өліміне әкеп соқтырған апаттың алдын ала себебін атады.