«Таза Қазақстан»: идеологиялық жаңғырудың іргетасы   

Екі жылда «Таза Қазақстан» жобасы аясында 1,5 мың экологиялық іс-шара өтті. Оған 6,5 миллион адам қатысты.

Ең алдымен жастардың белсенділігін ерекше атап өту қажет. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай дейді. Белсенді азаматтардың ұйытқы болуымен 2 миллион тонна қоқыс жиналып, шамамен 5,5 миллион ағаш отырғызылды. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өңірлерде экологиялық акциялар өтіп жатыр. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен жалпыұлттық жоба небәрі екі жыл ішінде  бұқаралық қоғамдық қозғалысқа айналды. Бұған қоса, «Таза Қазақстан» құндылықтары ең жоғары конституциялық мәртебеге ие болды. Жаңа Ата заңның преамбуласында алғаш рет табиғатты аялау қажет екені нақты көрсетілген. Жуырда Парламентте саяси партиялар өз бағдарламалары мен жарғыларына «Таза Қазақстан» қағидаттарын енгізуі қажет екені туралы ұсыныс айтылды. «Түптеп келгенде, бұл – идеологиялық жаңғырудың іргетасы», - деді Ерлан Қарин.