ШҚО өңірде орман және дала өрті өршіп тұр
Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі айда 4 мәрте орман және 35 дала өрті тіркелді. «Күн ысығалы өрт жиілеп кетті», - дейді мамандар.
Сондықтан алдын алу шаралары күшейтілді. Өңірде бүгін өртке қарсы оқу-жаттығу өтті. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ірі орман алқаптарындағы өртті сөндіру тактикасын пысықтады. Сценарий бойынша жылдамдығы секундына 15 метрге жететін қатты жел кезіндегі өрт сөндірілді. Сондай-ақ мамандар орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексеріп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын бағалады.
Исхар Савазов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Тактикалық оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен әуеден барлау жүргізу іс-қимылдары пысықталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшағы пайдаланылды. Арнайы құрылғы арқылы 5 тоннаға дейін жоғарыдан су шашу мүмкіндігі қарастырылды.
Ердос Үмітов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Бұл Төтенше жағдай министірлігі мен орман шаруашылығы мекемелерімен ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақтар. Осы ШҚО бойынша 13 орман шаруашылық мекемесі, үш ерекше қорғалатын табиғи аумақтық мекемелер бар.