Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық заңы қолданыла ма? ІІМ жауап берді

Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайрат рақымшылық жасау арқылы бостандыққа шықпайды.  Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, бұл сұрақтың жауабы анық - жоқ.

Ол Қылмыстық кодекстің 78-бабы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға рақымшылық жасауға тыйым салатынын еске салды. Шектеу экстремизм, терроризм, опасыздық және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін сотталған адамдарға да қатысты. Сондықтан оларды рақымшылықпен босату туралы мәселе қаралмайды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз