Рақымшылық: айыппұлдар мен жазалар қайта қаралады

Қазақстанда 17 миллиард теңгеден асатын 1 миллионнан астам төленбеген айыппұл есептен шығарылады. Қарашаны қуантқан жаңалық бүгін мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Төменгі палата рақымшылыққа қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол бойынша 500 мыңнан астам азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Тағы 10 мыңнан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылады. Ал 5 мыңға жуық адам жазадан толық босатылады. Түзету мекемелерінен шамамен 1500 адам бостандыққа шығуы қарастырылып отыр. 

Абзал Құспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Алдағы рақымшылықтың бұған дейінгі жүргізілгендерден ерекшелігі тұңғыш рет қылмыстықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылады. Қылмыстық рақымшылық шеңберінде қауіптілігі аз қылмыстар, сондай-ақ зиян келтіруге әкеп соқпаған қылмыстар, соттардың қарауындағы істерді тоқтату.