«Almaty Superski» курорты салына бастады
«Almaty Superski» тау шаңғысы курорты 2028 жылғы желтоқсанда іске қосылады деп жоспарланған. Бекітілген кестеге сәйкес алаңда құрылыс жұмыстары басталды.
Аспалы жолдар салып, ғимараттардың жобалануы және өзге де бағыттар бойынша жұмыс істейтін халықаралық жетекші компаниялар ашық конкурс арқылы айқындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысында сөз болды. Жиында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. «Almaty Superski» жобасымен 11 заманауи аспалы жол салу жоспарланған. Ол үшін саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі – POMA француз компаниясы таңдалды. Сондай-ақ, құрылыста заманауи ағаш конструкцияларды пайдалану көзделген. Ағаштан жасалған инженерлік шешімдерді Канадалық компания ұсынады. Ал құрылысты дайындауға және кейіннен жүзеге асыруға АҚШ компаниясы тартылды.