БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды «24KZ». 

Қайғылы оқиға 2 маусымда Теректі ауданындағы ауылдардың бірінде болды. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың денесі табылған. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Оқиғаның себептері мен мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз