Әлеуметтік қолдаудың әлеуеті артты
Елде әлеуметтік қолдау шараларының ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады.
630 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылған. 544 мыңнан астам азаматқа мүгедектік бойынша төлем қарастырылған. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының әлеуметтік бағдарланған мемлекет құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында атқарылып жатыр. Ауылдық жерлерде бір миллионға жуық тұрғын жаңа медициналық инфрақұрылымға қол жеткізді. Білім беру гранттарының саны кейінгі бес жылда 93 мыңнан асты.