Елде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды
Жеті жылда 1250-ден аса денсаулық сақтау мекемесі салынды. Оның 800-ден астамы кейінгі үш жылда пайдалануға берілді.
Ұлттық жоба шеңберінде ауылдық жерлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны бой көтерді. Нәтижесінде 200-ден астам ауыл алғаш рет өз медициналық мекемеге қол жеткізді. Бұдан бөлек, қолданыстағы ауруханалар мен емханалар жаңғыртылып жатыр. Салаға цифрлық технологиялар мен телемедицина енгізіліп, консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігі артып келеді.